28.09.2022, 18:08
Оқылды: 110

Көрерменге ой салған моноспектакль

Кеше Казталов ауданы орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында «Қуыршақтар» спектаклінің премьерасы өтті. Жас драматург Мұрат Қолғанаттың пьесасы желісімен сахналанған қойылымды халықпен бірге аудан әкімі Рүстем Зұлқашев, аудан әкімінің орынбасарлары да тамашалады. Өмірдің шынайы келбеті бейнеленген моноспектакль психологиялық драмаға жақын болып, көрерменге ой салды.

1

Бұл моноспектакль алғаш рет Тұңғышбай Жаманқұловтың сомдауымен қалың көрерменге жол тартқан болатын. Әйтсе де психологиялық туындыны Т.Жүргенов атындағы өнер академясының түлегі, жас режиссёр Мейрам Мақсот өз көзқарасымен қоғамның ащы шындығын әсем суреттей білген. Әрине, қойылымда режиссёрлық көзқарас пен актёрлық шеберлік ұштасқан. Бұл тұрғыда бір сағатқа жуық ауыр, психологиялық драманы сомдаған жас актёр Нұргелді Камаледеновтың табандылығы мен талантын ерекше атап өтуге болады. Қоршаған ортаның арасында жалғыз өзі өмір үшін, шындық үшін, қоғам үшін арпалысады. Оның сахнадағы әріптестері – қуыршақтары. Режиссёр қойылым арқылы әркім өз өмірі үшін күресетіндігін ашық көрсетеді.

5

Моноспектакльде жастардың көзқарасы, қоғамның пікірі анық байқалады. Жансыз қуыршақтарға жан бітіру екінің қолынан келе бермес дүние. Түйсігі терең, ойы ұшқыр көрермен үшін рухани азық сыйлар туынды. Бұған көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметі дәлел.

2

4

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале