15.03.2022, 10:30
Оқылды: 111

Көрісу айтта қауышты

Көрісу тек бір-бірімізбен амандасып, игі тілектер айтылар күн емес, ол үлкендерге ізет көрсетіп, құрмет білдіретін елдің амандығын тілеп, ұзын сарыға жеткенге қуанатын күн. Қазақ үш көрісті той тойлап, қуанышпен өткізеді. Наурыздың бастауы саналатын көрісу күні Дариян ауылдық мәдениет үйінде «Бір жасыңмен!» атты мерекелік кеш өтті. 

smart

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, арты мерекеге ұласқан шараға ауыл әкімі Тілек Кәкенов, мешіт имамы Халықбек Садықов, ауыл ақсақалдары мен жастар қатысты.

IMG-20220314-WA0244

Мерекелік басқосу ауылдың үлкендеріне сүйіншілеп келген  балақайлардың сәлем беруімен басталды. Төс қағыстыра көрісіп, ақтан дәм татқан соң имам Халықбек Садықов ел амандығына құран бағыштап, қол жайған жамағатқа ақ батасын берді.

smart

Айт күнгі ақтарылар ақ тілектер дастархан басында жалғасып, халық әндері шырқалып, Озерный ауылынан келген «Ақ баян» шығармашылық тобының әжелері алас күніне орай бесікті аластауды көрсетіп, аластаудың түп–төркіні жайына кеңінен тоқталып, мерекеге жиналғандардың көңілдерін серпілтті.

smart

Сондай-ақ ауыл ақсақалы Меңдеш Атауұлы мен ақ жаулықты әжелер өнегелі әңгімелерін айтып, жастарға ақыл-кеңестерін жолдаса, мәдениет үйінің өнерпаздары халық әндерін әуелете шырқап,мерекенің шырайын кіргізді.

smart

-Мерейлі жылымыз берекелі болып, елдің мәртебесі арта берсін! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып, мәңгілік ел болу жолындағы жоспарымыз орындалсын. Жастарымыз білімді болсын, - деді дастархан батасын берген Меңдеш ақсақал.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале