Көрісу күні қарсаңында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаз Болат Бақтығалиұлы Ахметовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ел ағасына ақжарма тілектер айтылып, білім саласына сіңірген көп жылғы еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі үлесі ерекше аталып өтті. Қонақтар Көрісу күні – татулық пен ізгіліктің, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлықтың белгісі екенін айтып, ардагер ұстазға аудан жұртшылығының ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ Болат Бақтығалиұлына мерекелік сый-сияпаттар табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы тілінді.
Өз кезегінде Болат Бақтығалиұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, келген қонақтарға алғысын айтты. Ол елдің бірлігі мен ынтымағы әрдайым берік болсын деген тілегін жеткізіп, ақ батасын берді. Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге өнеге болатын игі дәстүрдің жалғасы екені анық.
Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы