14.03.2024, 17:33
Оқылды: 9

Көрісу күнін атап өтті

Жәнібек аудандық ардагерлер үйіне аудан прокуроры Сәкен Молдашев, аудан әкімінің орынбасарлары Жақсылық Абдолов, Мирболат Бисенов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев өзінің әріптестерімен және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова, аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева, аудандық кітапхана ұжымы және «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арнайы барып қариялармен көрісті.

жанибек корису 2024 (1)

Саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев қазақтың қара домбырасымен ән шырқап, аудан ардагерлерін құттықтады. Серпіліп қалған қонақтар ақ дастарханда әңгімелерін жалғастырды. Өз кезегінде Жақсылық Каримоллаұлы абыз қарттарға лебізін білдірді. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев басын иіп келген басшыларға алғысын айтып, аталған күннің маңыздылығына тоқталды. Әрмен қарай мәре-сәре болған жәнібектіктер мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға ағылды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

жанибек корису 2024 (2) жанибек корису 2024 (3) жанибек корису 2024 (4) жанибек корису 2024 (5) жанибек корису 2024 (6) жанибек корису 2024 (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале