24.03.2022, 19:45
Оқылды: 125

Көрісу күніне арналған мерекелік шара

14 наурыз – Көрісу айт мерекесіне орай Жаңақала аудандық спорт кешенінің ұйымдастыруымен «Амал келді, құт келді» атты мерекелік шара өтті.

ж

Спорт кешенінің алаңына киіз үйлер құрылып, Балалар жылына арналған көрме ұйымдастырылды. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үйде ұлттық ойындар оздырылып, шара қонақтарына дәм ұсынылды.

еее

Шараның ашылу салтанаты Халықтық  «Сымбат» би ансамбілінің «Көктем шуағы» биімен басталды. Одан әрі аудан әкімі Дархан Закарин сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сахна маңына жиналған көрермендер назарына мерекелік қойылым көрсетілді. Қойылым әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Шара барысында гір тасын көтеру, ләңгі тебу сынды спорт түрлерінен жарыс өтті. Аталған жарыстың қорытындысы бойынша гір тасын көтеруден Асхат Мұратов (№3 жалпы орта білім беретін мектебі) жеңімпаз атанды. Жасқанат Сыралиев аудандық спорт кешені) ІІ орынға ие болса, Жәнібек Уахитов (Жаңақала ауылдық округі) ІІІ орынға тұрақтады.

д

Ләңгі тебуден Мырзабек Хамза (Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) жеңіске жетті. Ербол Ералыұлы (№3 жалпы орта білім беретін мектебі) ІІ орын алса, Нұрберген Тілепберген (аудандық аурухана) ІІІ орынға табан тіреді. Жарыста жүлделі орын алған спортшылар аудандық спорт кешенінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале