20.07.2020, 10:10
Оқылды: 20

Көрші елден келген көмек Бәйтерекке де жетті

Қытай елінен келген гуманитарлық көмек Бәйтерек ауданы ауруханаларына жеткізілді. Бұл туралы Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Ұлданай Сейтқалиева мәлімдеді.

769D4855-98C4-47C0-A247-B31741ACFDEC

Айтуынша, алдымен Орал қаласына жеткізілген гуманитарлық көмекті облыстық жастармен жұмыс жөнінде ресурстық орталық мамандары мен волонтерлар барлық аудандарға қажетінше бөлген.

A34BD2B8-7E79-4B2F-BCD5-8997EC03213F

-Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылындағы орталық аурухана дәрігерлеріне қажетті 100 арнайы көзілдірік, хирургиялық бетперделер мен қызу өлшегіш құралдар келсе, Дариян ауылына арнайы қолғаптар мен көзілдіріктер бөлінді. Барлық заттарды аудан жастары мен волонтерлар тиісті жерлеріне жеткізді, - дейді Ұлданай Максимқызы.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале