17.02.2022, 19:53
Оқылды: 40

Қоржында қос қола

Таяуда Жаңақала ауданындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде 2022 жыл – Балалар жылына орай дзюдо күресінен 2007-2008 және 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық аудандық турнир өтті.

IMG-20220217-WA0042

Жарыстың ашылу салтанатында Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов және Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен аға жаттықтырушысы Сұңғат Бекқалиев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 270-тен аса дзюдошылардан құралған 16 команда спортшылары боз кілемде бақ сынады.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы ОБЖСМ, Атырау қаласы №4 БЖСМ, Атырау облысынан Индер ауданы мен Исатай ауданы, Орал қаласы, Орал қаласы ОРОММИК, Жекпе-жек МОРБЖМ, Орал қаласы дзюдо спорт клубы, Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы, Бәйтерек, Қазталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарының командалары арасында тартысты бәсеке болды.

Жарыс қорытындысына келсек, 28 кг салмақта бақтарын сынаған қыздарымыз Сезім Бауыржанқызы мен Нұр Темірболат жүлделі III орынды иеленді. Ауыл намысын қорғап, күрескен барша палуандарға және жаттықтырушы Әділет Қалиарыстанұлына қырқопалықтар ризашылығын білдіруде.

Намысты қолдан бермей жүрген спортшыларымыздан әлі де үлкен үміт күтеміз.

Арайлым Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале