31.05.2022, 15:44
Оқылды: 36

Қос ақын жүлдемен оралды 

Талайға шабыт берген «Шідерлі шер» атты кітаптың тұсаукесері өтті Оралда. Бұл кеш Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Асантемір Қаршығаұлының шығармашылығына арналғанын айта кеткен жөн.

IMG-20220531-WA0065

Мүшәйрада жазба ақындар өз туындыларын оқыды. Олардың қатарында, Теректінің атынан қатысқан ақын, журналист Әділет Орынбасаров бірінші орынды қанжығаға байлады. Сонымен қатар «Ғазал» жас ақындар клубының мүшесі Ақтілек Әлібекұлының да екінші орынды иеленгені, теректіліктер үшін зор мәртебе.

IMG-20220531-WA0087

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале