Жәнібек аудандық мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алтай Бақтығалиев аудан бойынша көзі тірі соғыс ардагерлері Жамаледдин Исқақов пен Мардан Есмұханбетов ақсақалдардың Орал қаласындағы мекенжайына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады.
Алтай Бақтығалиұлы қос ардагердің қан майданда жауға қарсы көрсеткен ерлігі мен отансүйгіштігі жастарға үлгі-өнеге екенін айта келіп, аудан əкімі Азамат Сафималиевтың құттықтауын жəне шағын сыйын салтанатты түрде табыс етті.
Жасы жүзге жақындаған екі ардагер Жəнібек ауданының тұрғындарына ыстық сəлемін айтып, аудан басшысының құттықтауына ризашылық көңілдерін білдірді.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz