Бұлдыртылық қол күресінің бапкері Төлеген Құраш Алматыдан жеткен ақжолтай хабармен бөлісті.
Алматы облысының Талғар қаласында қол күресінен жас жеткіншектер және жасөспірім қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында ауданымыздың атынан Гауһар Рустамова мен Дильназ Әбунағымова бақтарын сынаған еді.
Нәтижесінде, 60 келі салмақ дәрежесінде Гауһар Рустамова қола жүлдеге ие болып, Дубайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
70 келі салмақ бойынша Дильназ Әбунағымова қола жүлдегер атанды.
Армспортшылардың жеке бапкері, ұлттық дәрежедегі төреші - Төлеген Құраш.
Алдағы уақытта Гауһар да Азияға жолдама алғанымен, жолақы болмай, жолынан қалып қоймаса деген тілегіміз бар.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz