Қаратөбе ауданында меценаттар 40 жобаны қолға алған. Соның бесеуін Қаракөл ауылының жомарт жандары іске асыруда.
Ауыл тұрғындарының демеушілігімен 300 мың теңгеге Ақтайсай ауылының көшесіне шамдар орнатылды. Ал Алакөлдегі көшені де жарықтандыруға жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары күш салған.
-Екі ауылда көптен бері жоспарланған жобалар жүзеге асты. Ауыл тұрғындарының еңбегі зор. Тұрғындардың ауылына, туған жеріне деген махаббатын осыдан-ақ байқауға болады. Көше шамдарын орналастыру барысында қолдан келген көмектерін берген ауыл азаматы Батыр Даулетияровқа, аудандық электр торабы мекемесі Ақтайсай бекетінің мамандары Әлібек Қалиев пен Руслан Валиевке ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, - дейді Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов.
Ажаргүл Әлиева,
Қаратөбе ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер