5.09.2024, 21:30
Оқылды: 185

Қос қожалықтың жұмысымен танысты

Таяуда БҚО ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Берік Сейітқазиев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров Богданов ауылдық округі аумағында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, егін жинау науқанының барысымен танысты.

FB_IMG_1725550653475 (1)

Тінін тарқатсақ, 2004 жылы құрылған «Родина» ЖШС-на атбасын бұрды. Бұл жердің жалпы көлемі 11 431, 74 гектарды құрап отыр. Ең басты бағыты – өсімдік шаруашылығы. Айта кетейік, 9 385,42 гектар егістік, ал 193,5 жайылымдық жері бар. Биыл 2681 гектарға жазғы бидай, 1851 гектарға арпа, 1194 гектарға мақсары егілген.

Сонымен қатар осы ауылдан орын тепкен «Ғаниев» шаруа қожалығына да соғып кетуді құп көрді. 2004 жылы құрылған қожалық өсімдік және мал шаруашылығымен шұғылданады. Бүгінгі таңда 832 ірі қара мал, 284 сиыр, 16 бас жылқы бар.

FB_IMG_1725550651404 (1)

Ал жалпы жер көлемі 9315,6 гектарды құрайды. Егістік жер 6022 гектар, жайылым 3216 гектар. Биыл 957 гектарға жазғы бидай 180 гектарға арпа, 446 гектарға жасымық, 1003 гектарға мақсары егілген екен.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале