5.10.2023, 17:00
Оқылды: 63

Қос медициналық нысан пайдалануға берілді

Бүгін Жәнібек ауданында қос бірдей медициналық нысан күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Осы орайда аудан әкімі Тимур Шиниязов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекеніндегі медициналық пункт пен Тау ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пункт ел игілігі үшін пайдалануға берілгендігінің куәсі болды.

IMG_2792

-Халқымыз «Басы аманның малы түгел» дейді. Ең басты байлық – денсаулық. Әр ауылдағы ем алатын пунктке көңіл бөлінуі тиіс. Заманауи құралдармен жабдықталғаны, жарқырап тұрғаны өте маңызды, - деп ақжарма лебізін білдірді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол екі құрылысты ойдағыдай аяқтаған «Символ» ЖШС-ның басшысы Есқайыр Елемесовке алғыс хат табыстады.

IMG_2785

Зейнеткер, майтүбелік Мәруаш Мұқатаева шашу шашып, өз қуанышын білдірсе, таулық Макка Мақсотова ел игілігі үшін жүзеге асқан жұмысқа атсалысқан барша ағайынға алғыс айтты.

Аудандық аурухана директоры Сәуле Исмағұлова мен қос нысанның меңгерушілері ем алуға арналған бөлмелерді көрсетті.

IMG_2801

 Айта кету керек, екі нысан «Медициналық көмектің қосымша көлемін көрсету» бағдарламасы аясында Майтүбек елді мекеніндегі медициналық пунктке аудан бюджетінен 27 миллион 400 мың теңге бөлінсе, Тау ауылындағы ФАП-қа облыс бюджетінен 64 миллион 379 мың теңге қаралған.

IMG_2840

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале