Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова бастаған аудан делегациясы көршілес Ресей Федерациясындағы Орынбор облысы, Елек ауданы басшылығының арнайы шақыруымен «Оренбург-форпост-России» атты фестиваліне қатысты.
Көршілес мемлекет өкілдері ауданнан барған қонақтарды жылы қабылдап, ерекше құрмет көрсетті.
Ауданнан дайындалған арнайы ұлттық нақыштағы безендірілген дәм ұсынылып, Елек ауданының басшылығына аудан әкімінің алғысхаты табысталды.
Мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерейтойға арналған Ресейдің түкпір-түкпірінен келген жәрмеңкелер шара көркін қыздырды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz