18.03.2017, 12:05
Оқылды: 28

Қос жүлдегер Бішкекке бармақ

Алматы қаласында өткен республикалық чемпионатында қол күресінен облыс құрамы сапында болған қаратөбелік Сүйесін Құмаров (80 келі салмақ дәрежесі бойынша) пен Фархат Қалиев (90 келіден жоғары салмақта) жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.


Қос спортшы маусымның 5-11аралығында Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына қатысып, ел намысын қорғамақ.

Сонымен қатар, Алматыда өткен чемпионатқа қатысқан Ержан Ерболат (жасөспірімдер арасында 40 келі салмақ дәрежесі) пен Нұржан Нұрбеков (жасөспірімдер арасында 45 келі салмақта) жақсы ойын өрнегін көрсетті, - дейді спортшылардың жаттықтырушысы Нұрхат Есенжанұлы.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале