17.03.2022, 17:15
Оқылды: 26

Қош келдің, Әз-наурыз!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда аудан көлемінде балаларға арналған көптеп көңіл бөліп, түрлі шаралар атқарылуда. Бүгін де Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында балаларға арналған мерекелік шара оздырылды.

IMG_4416 (1)

Мерекелік думанның ашылу салтанатында ардагер ұстаз Сәуле Тұрмағамбетова мерекемен құттықтап, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Шарада оқушы бүлдіршіндер Жаңа жылымыздың тарихына тоқтала отырып, әсем әндер шырқап, билер биледі. Алдар көсе, Қожанасыр мен Тазша бала кейпіне енген оқушылар Наурыз мерекесі туралы көрініс қойса, Қызыр ата ақ батасын беріп, көрермендерді өз өнерлеріне тәнті етті.

IMG_4354

Мерекелік кеште ұлттық қолөнер көрмелері дайындалып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале