Қымбатты оқырман! Аудандық "Теректі жаңалығы", облыстық "Орал өңірі" басылымдары бетінде және әлеуметтік желіде "Ойбайлатқан он екі" деген мақала жазған едік. Естеріңізге сала кетейік, мақала – Орал-Подстепный бағыты бойынша қатынайтын №12 маршруттың ескі екенін, сонымен қатар халық саны көп ауылға көлік ішінің тарлығы хақында жазылды.
Он екінің "жырынан" жалыққан жұртшылық жуырда қуанышқа кенелді.
– Подстепный ауылында қазіргі таңда шағын автобустардан бөлек, көлемі үлкен екі №12 маршрут жүріп жүр. Ауыл тұрғындары қуаныштарын жеткізіп, ризашылықтарын білдіруде, – дейді Подстепный ауылының әкімі Сержан Мәдиев.
Олай болса, қош келдің қос «он екі!".
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz