17.03.2024, 17:04
Оқылды: 92

Қошанкөл ауылында өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді

Наурыз мейрамын тойлау он күндігінде, Наурызнама тұжырымдамасына орай 17-наурыз "Шаңырақ" күні болып белгіленген болатын. Бұл күннің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, қоғам алдында отбасы тәрбиесінің алатын орны ерекше екендігін ұғындыру.

image-17-03-24-02-50-2

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дейді қазақ халқы. Адам баласының, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы өзінің туған ұясы, өз ата-анасының берген тәрбиесі.

image-17-03-24-02-50-3

Қошанкөл ауылында үлгілі, өнегелі ұл-қыз өсіріп отырған отбасылардың ішінде, биылғы жылы отау көтергендеріне 25 жыл толып отырған Серік Бекболатов пен Қалекешов Жангелді Қалекешовтің шаңырағына округ әкімі Ернар Аққалиұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ахаш Насырұлы барып, шаңырақ иелерін айтулы мерейтоймен, Наурыз мейрамымен құттықтап, "Құттықтау хат" және естелік сыйлықтар табыс етті.

image-17-03-24-02-50

Округ әкімі Ернар Аққалиұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ахаш Насырұлы сондай-ақ, биылғы жылы дүние есігін ашып, шаңырақтарына қуаныш алып келген, есімі ұлы Абай атасының есімімен бірдей, Жиенбаевтар отбасында дүниеге келген Ибрагим атты сәбиді де құттықтап, сәбидің ата-анасына "Наурыз-базарлығын" табыстады.

#nauryznamabqo

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале