«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Казталов аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы Қошанкөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы №17 шешімімен Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінің әкімі лауазымына Радж Шарипов тағайындалды.
Жаңадан сайланған әкімді Қошанкөл ауылдық округінің қауымдастық мүшелері мен әкім аппаратының ұжымына Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, Радж Болақайұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев Радж Шариповқа округ әкімі куәлігін табыстады.
Радж Болақайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004-2007 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
2007-2009 жылдары Семей қаласындағы 4772 әскери бөлімінде техникалық құралдарды сақтау және жөндеу бөлімінің басшысы;
2010-2017 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2017-2020 жылдары Қошанкөл ауылдық округінің әкімі;
2020-2021 жылдары Казталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2021-2023 жылдары Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2023 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz