Қай ауылдың болмасын көркі - терек. Көктем, күз айларында тал-терек отырғызу, ауыл ішін көгалдандыру жұмыстары дәстүрге айналғалы біраз уақыт өтті. Казталов ауданының иелігіндегі Қошанкөл жері - терегімен жанға сая сыйлайтын қасиетті мекен.
Мұндағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін тазалықты сүйіп, табиғатты қорғайды. Яғни туған жердің әр перзентті көшедегі әр талды мәуелі ағашқа айналдыруды мақсат етуде. Мәселен 1995, 1962 жылғы туылған түлектер қаржылай демеушілік жасады. Аударылған қаражатқа ауыл көшесіне терек отырғызу алаңын салып, қоршап, көшеттер отырғызылды. Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова:
- Бүгін бүтін бір ауыл болып қолдау көрсетіп, болашақ ұрпаққа із қалатындай істер атқарып отырсыздар. Әрине, бұл дегеніңіз сіз бен біздің рухани жаңғырғанымыздың белгісі. Табиғатын аялап, Жер-Анасын құрметтейтін жастар көбейсін! - деп мектеп түлектеріне аудан әкімінің алғысхатын табыстады.
Арнайы қоршаған алаңға және мәдениет үйінің жанына теректер отырғызылды.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz