Ымыртта көше кезіп, көше жолы бойында түнейтін мал Ақжайық ауданының орталығында да аз ұшыраспайды.
Мұның жол қозғалысына кідіріс туындатып, ауыл тазалығы жөнінде үсті-үстіне қарбалас әкелетіні мәлім.
Сондықтан Чапаев әкімдігі ауылдың оңтүстік бетінен кеште «үйден безген» сиыр, жылқыны қамайтын аула қамдауға мәжбүр болды. Демек, бұдан былай кешкі сағат 8-ден кейін иелері іздемеген түліктер солай «жазаланады». Әрине, иелері әкімшілік жазаға ілігуі бек мүмкін.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz