21.03.2025, 13:00
Оқылды: 56

Көше Наурызы Қарасуда жалғасты

«Наурыз – думан, Наурыз – шаттық мереке» атты 22 наурыз — Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай Сырым ауданы, Қарасу мөлтекауданында 20 наурыз –«Ынтымақ күні» тақырыбы аясында «Қыз ұзату» салт дәстүрінің үлгілік қойылымы қойылды.

IMG-20250320-WA0130

Думанды мерекенің алғашқы сөзін Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Қайрат Абсатыров сөйледі.

Қарасулықтар аудандық мәдени-демалыс орталығының және Жымпиты халық театрының театрландырған «Қыз ұзату» салт-дәстүрі көрінісін тамашалады. Келген қонақтарға арнайы ұлттық дәм ауыз тигізіліп, Наурыз көже ұсынылды.

IMG-20250320-WA0134

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале