17.01.2023, 14:45
Оқылды: 42

Көшпелі топ Казталовта

Кеше Казталов ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында облыс орталығынан келген көшпелі түсіндіру тобының қатысумен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» пилоттық жобасын түсіндіру-талқылау жиналысы өтті.

1

Көшпелі түсіндіру тобының құрамы төмендегідей адамдардан тұрды:

3

Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы – Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы – Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы;

Еркеғалиева Райса Жұмахметқызы – Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы өңірлік даму бөлімінің басшысы; Казиханов Алмат Сисенбайұлы – «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Стратегиялық даму және мемлекеттік–жекешелік әріптестік департаментінің директоры;

Өміралиев Қайыржан Мақсотұлы – Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы. Жиналысқа аудандық бөлім басшылары, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

2

Жиналыста төрағалық еткен аудан әкімі Рүстем Зұлқашев осыған дейінде ауыл шаруашылығын дамыту мен халықтың табысын арттыру мақсатында қабылданған бағдарламалардың жүзеге асқандығы туралы айтып, жиналғандарды бүгінгі жиынға қатысушы түсіндіру тобының мүшелерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында сөз кезегі Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қарағойшинге ұсынылды. Өз кезегінде аталмыш түсіндіру тобының аудан орталықтарына жұмыс сапарымен шығуының маңызы ерекше екеніне тоқталған ол, «қолға алынғалы отырған жобаға қатысушы әр азамат өзіне тиісті несиесін алып кәсібін бастауы үшін бар жағдайды туғызымыз қажет» деген пікірін білдірді.

4

Түсіндіру тобының мүшелері бағдарламаның бағыты, шарттары және несие алу үшін қойылатын кепілдік туралы айтқаннан кейін, жиналыс сұрақ-жауап форматына ауысып тұрғындар тарапынан бағдарламаға қатысты сұрақтар қойылды. Жиналысқа қатысушылардың бірі «Ресей Федерациясының азаматымын. Несие ала аламынба?» десе, енді бірі «Жастарға арналған қандай бағдарламалар бар?», «Бау-бақша егу үшін несие алмақшы едім, несие нақты қай уақытта беріледі?», «Қолға алмақшы болған кәсіп тоқтап, бизнес жүрмей қалып жатса, оған гарант бар ма?» деген секілді сұрақтарын қойды. Тұрғындар көкейлеріндегі бағдарламаға, несие мен кепілдікке қатысты көп сұрақтарына жауап алып, қолға алынбақшы болып отырған жобаның жай-жапсарына толық қанықты. Түсіндіру тобы мүшелерінің айтуынша ең бастысы кепілге қойылатын мүліктің құжаттары толық дұрыс болса, тиянақты жоспармен, нақты мақсатпен кіріскен жанға жобаның берері мол екен. Біз де ауыл халқының табысын арттыруды мақсат еткен жобаның өңірі дамуына үлес мол болады сеніп отырмыз.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале