№302 сайлау учаскесінде Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан ұлттық дәрежедегі аға жаттықтырушысы, көшпенділер ойынына қатысушы Дарын Төреғалиев өз таңдауын жасады.
— Елімізде өткен ұлттық спорт ойындары өте керемет ұйымдастырылған.
Біздің ұлттық ойындарымыздың әлемдік деңгейде дамығандығына көз жеткіздік. Бұл өте қуантарлық жайт. Бүгінгі сайлауда ауылымның болашағы, тыныштығы үшін дауыс бердім, - дейді Дарын Құлтайұлы.
Қыркүйек айында Астана қаласында өткен V дүние жүзілік көшпенділер ойынына Батыс Қазақстан облысы атынан бір батыр, он елші барып қайтты. Солардың арасында елші болып Дарын Төреғалиев те барған еді. Бүгінде оның шәкірттері республикалық, облыстық деңгейде топ жарып жүр.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы