18.10.2021, 14:47
Оқылды: 62

Қоскөл ауылында көше шамдары орнатылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қоскөл ауылдық округінде  жұмыс жоспарына сай бірқатар игі істер атқарылуда.

IMG-20211018-WA0005

Жақында округ орталығы Қоскөл ауылындағы Ғ.Қаржауов атындағы бір шақырымдай ұзын  көше бойына 25 дана көше шамдары  орнатылған.

Аталмыш округке баспасөз науқанына байланысты барған сапарымызда бұл жағымды жаңалықпен ауыл әкімі Қанат Мұратұлының өзі бөліскен болатын.

–   Жарық шамдарын орнатуға аудан бюджетінен қомақты қаражат бөлініп, бұл жұмыстарды Орал қаласынан келген «Гарант 07» ЖШС бригадасы  жүргізді.

Бригада жұмысшылары бұл жұмыстарды бас-аяғы үш-төрт күннің ішінде аяқтап, пайдалануға берді. Қазір аталмыш көше жарықтандырылып, көше тұрғындары игілігін көруде, - дейді ауылдық округ әкімі Қанат Мұқанов.

 

                                                                                    Ерболат Райсов,

                                                                                        Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале