Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Қоскөл ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бекет жақын орналасқан Жусандыой және Егіндікөл ауылдық округтерін де өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуі тәулік бойы және жыл бойы жүзеге асырылады. Мұнда ауысыммен 9 адам қызмет атқармақ.
Бекетті «Таза аудан» ЖШС «АЦ Зил-13»1 өрт сөндіру автокөлігі және өрт-техникалық қару-жарақ пен жауынгерлік киіммен қамтамасыз етіп отыр.
Жеке құрамға былтыр оқыту жұмысы жүргізілген. Жаңадан құрылған команда тек өртке ғана емес, сондай-ақ олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіп, елді мекендердің тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Биыл Қоскөл ауылынан 3 шақырым жерде дала өртеніп, ауылдағы Абай көшесі 5 тұрғын үйдің маңында қос трактор тіркемесі шөбімен өртке оранған. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға АЦ Зил-131 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрам шығып, толықтай сөндірді.
Райымбек Абайұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz