30.05.2022, 11:45
Оқылды: 68

Қоскөлдіктер өз таңдауларын жасады

Қаратөбе аудандық, аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауы үстіміздегі жылдың 29 мамырына белгіленген болатын. 

2

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша 29 мамырда Қаратөбе ауданының Қөскөл ауылындағы №279 Қөскөл және Шалғын ауылындағы №280 Шалғын сайлау учаскелерінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.

– №279 Қоскөл сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды.

Ауыл тұрғындарының сайлауға қатысуы қарқынды жүрді. Дауыс берушілер заң шеңберінде өз таңдауларын жасады. Учаскедегі сайлауға байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сайлау округі бойынша  сайлаушылар тізіміне 636 сайлаушы (оның ішінде №279 Қоскөл сайлау учаскесінде 512, №280 Шалғын сайлау учаскесі бойынша 124 дауыс беруші) енгізілді. Соның ішінде 584 сайлаушы  (93,4 пайызы) дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

Нәтижесінде  ең жоғары 496 дауыс алған үміткер Әділет Мусағалиев Қоскөл ауылдық  округінің әкімі болып сайланды.

Жанболат Жалғасов, Қоскөл ауылдық округінің жастар жетекшісі:

3

– Сайлау учаскесіне өз таңдауымды жасау үшін келіп, дауыс бердім. Жалпы ауыл түрғындарының сайлауға қатысуы белсенді.

Жастар – ел болашағы. Сондықтан ауылымыздың тыныс-тіршілігінің кеңеюіне, өркендеуіне аянбай күш салатын ауыл әкімін сайлау біз үшін маңызды. Осы орайда ауылдың барлық жастары  өз таңдауларын жасау үшін  дауыстарын беріп, бұл маңызға ие іске ұйымшылдықпен  атсалысады деген сенімдемін.

 

Ерболат Мырзғұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

   

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале