18.05.2023, 10:15
Оқылды: 15

Қоскөлге кіреберіс жол салынады

Қаратөбе ауданында әкімдердің ел алдындағы есептік кездесулері басталды. Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев дүйсенбі күні Қоскөл және Егіндікөл ауылдарындағы жиналысқа қатысты. 

IMG_3078

Қоскөл ауылдық округінің әкімі өткен жиында ауыл әкімі Әділет Мұсағалиевтің мәліметіне сүйенсек, биыл Қоскөлде «Ауыл аманаты» қанатқақты бағдарламасы іске асуда. Осы бағдарлама аясында мал басын асылдандыру бағытында ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмысы тұрақты жүргізіліп, округте төрт ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ашылған.

- Шаруаларымыз егін ісіне де екпін қойғысы келеді. «Батыс» қожалығы 120 га күздік қара бидай ексе, биыл 150 га алқапқа арпа дәнін шашты. Қазіргі кезде тары үшін қосымша алқап дайындалуда. Жер қызып, күн жылығанда, осы айдың аяқ жағында тары егу жұмыстары басталады. “Ауыл аманаты” жобасының шарттарын қоскөлдік шаруалар игілікпен қабылдауда. Жеңілдетілген несиеге 35 адам өтініш тапсырды, - дейді округ әкімі Әділет Хайратұлы.

IMG_3079

Ауыл халқы сұраған Қоскөл ауылындағы ауыз су құдығын жөндеу жоспар бойынша шілде айында атқарылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев айтты. Көптен бері айтылып жүрген Самара-Шымкент трассасынан Қоскөл ауылына дейінгі кіреберіс 9 шақырым жолды күрделі жөндеуге қаражат бөлініп, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына салынған.

Қоскөл ауылындағы Қаржауов саябағын күрделі жөндеу үшін де қаражат бөлінуде.

 

                                                        Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале