Қособа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қайырымдылық айлығына орай ерекше күтімді қажет ететін жандармен "Қайырымдылық –ізгі ниетпен" атты кездесу кеші өтті.
Кешті Қособа ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гауһартас Сейтекова сөз сөйлеп ашып берді. Оқырмандар өлеңдер оқып, Қособа ауылдық мәдениет үйі ұжымы көрініс қойды.
Нұрбек Кешимовтың орындауында дәстүрлі ән орындалып, Шаһарбану Болат пен Айсезім Қаспайдың орындауында "Жалқаубек" әні орындалса, Әсем Руслан "Алға Қазақстан" әнін нақышына келтіріп шырқады. Қонақтар караокемен ән шырқап, би билеп, көңіл-күйлерін көтерді.
"Жүректен жүрекке" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қособа орта мектебінің даярлық сыныбы оқушылары жетекшісі Жаһут Әмірғалиева сөз сөйлеп, даярлық сыныбы оқушылары жылы лебізбен жазылған тілектерін кеш қонақтарына сыйлады.
Шара соңында ауыл тұрғыны Меңсұлу Мұхамбетқалиева апамыз рахметін айтты. Қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.
Динара Бекчурина,
Сырым ауданы
Қособа ауылдық кітапханасының кітапханашысы,
"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі