24.03.2022, 20:39
Оқылды: 15

Қосөзен командасын қабылдады

Бүгін Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев «Қосөзен» командасын қабылдады. «Қосөзен» жайдарман құрамасы 2022 жылы Республикалық Жайдарман ойындарының маусымашар кезеңінің «Мектеп лигасы» кубогі ойындарына қатысушы. Жалпы қатысқан 164 команданың ішінде 16 команда - БҚО құрамалары. Соның ішінде «Қосөзен» құрамасы телевизиялық тікелей эфир кезеңіне өткен жалғыз команда. Олар ағымдағы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін мектеп лигасы кубогіне жолдама алды.

00000001

Аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы жерлестерімізді қабылдау барысында жас жайдарманшылардың үніне құлақ түріп, әзіл-сықақ жанрында көрсетіп жүрген өнерлерін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар аудан әкімі командаға маусым айында еліміздің астанасында өтетін мектеп лигасы кубогіне сәттілік тіледі. Аудан әкімінің «Балалар жылында» жас жайдарманшыларды қабылдауының өзіндік мәні бар.

00002

Айта кету керек, «Қосөзен» командасы 2019 жылы мектеп оқушыларынан құрылып, 2020 жылы республикалық «КТА» ойындарының маусымашар кезеңінің қатысушылары және тікелей эфирлік кезеңге өтті. 2021 жылы «Мен ауылдың баласы» КТК ойындарының аудандық кезеңінің чемпионы және облыстық кезеңінің бас жүлдегері атанды.

«Ауыл айнасы»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале