Бүгін Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев аудан өнерінің дамуына үлес қосып, жас дарындарды тәрбиелеп жүрген талантты хореограф, халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Габдуллинамен кездесті.
Аудан әкімі Ақмарал Мәлікқызының өнер жолында атқарған еңбегіне тоқталып, алғыс хат табыстады.
Ақмаралдың ауданымыздың өнер жолында атқарған істердің ауқымы зор. Өнерлі тұстаздың талапшылдығының арқасында қай шәкірттері болмасын жауапкершілікті сезінді. Ұстаздың нағыз жетістігі осындай болса керек-ті. Шәкірттерінің жүрегіне жылылықтан бөлек, әрбір дауысының артында тәрбиенің тұтқасы жатқанын әсте білгендейміз.
Сондай-ақ кездесуде халықтық «Қарлығаш» би ансамблі кіші тобының ата-аналары атынан Жұлдыз Асқарқызы сөз алып, естелік сыйлықтар табыс етті.
«Ауыл айнасы»,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz