17.05.2024, 16:45
Оқылды: 93

Көтерілген мәселе ескерусіз қалмайды

Тасқала ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі Мерей ауылдық округінен бастау алды. Ең алдымен аудан басшысы Талғат Шакиров Айнабұлақ, Аққайнар, Өркен, Тоғайлы елді мекендерінде және ауылдық округ орталығы Мерейде болып, халықтың мұң-мұқтажына назар аударды.

94e8e925-60e2-4054-b564-f31b7cacc497

Жиынға мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллин мен бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Орынбек Жамбылұлы округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне шолу жасап, атқарылған жұмысты тілге тиек етті. Айта кетейік, биыл Мерей ауылында мәдени-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, Тоғайлы ауылына барар жолды ағымдағы жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Ауылішілік жолдарды жөндеу мен электр жүйесін жаңғырту жұмыстары да жалғаспақ. Кездесу ашық диалог форматында өрбіп, мерейліктер өздерінің көкейкесті мәселелеріне жауап алды. Кейбір мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, оны бақылауға алатынын жеткізді.

44c1c11a-7e23-4e59-af9d-85416345abdb

Талғат Асқарұлы сондай-ақ жиналғандарға ауылға келіп, халықпен кездесудегі мақсатын түсіндіре кетті. Жиында ұрпақ тәрбиесі туралы әңгіме өрбітіп, елдің дамуына бір кісідей атсалысу қажеттігін шегелеп айтты. Басқосу барысында жарық пен жол мәселелері қозғалды. Жиынға қатысқан бірқатар ауыл тұрғыны жеке сауалдарын қойса, енді бірі ауылға қатысты қордаланып қалған түйткілді мәселелерді көтерді.

443719501_2203524436654869_7121308575812059683_n

Кездесулерден соң Талғат Асқарұлы мен Жанар Нұрболатқызы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Жиын Шежін және Мереке ауылдық округтерінде жалғасты. Алдымен ат басын Талдыбұлақ ауылына бұрған аудан әкімі Талғат Асқарұлы өткен жылы ауылға орнатылған су қондырғысының іске қосылмай тұрғанын тілге тиек етіп, оның шешу жолдарын тиісті мамандарға тапсырды. Ауыл тұрғындарын да аталмыш жұмысты бірлесе атқаруға шақырды.

441876096_3824078124543368_8354831115848095671_n

Бұдан бөлек ауылда мал бағымына арналған жайылым жердің тапшылығы мен жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі бойынша мәселелер қозғалды. Талғат Асқарұлы Екінші Шежін, Еменжар, Қалмақ және Мереке ауылдарында да болды. Кездесулерде жол жөндеу, ауыз сумен қамту, жарық мәселесі секілді сұрақтар көтеріліп, тұрғындарға нақты жауап берілді. Талғат Асқарұлы өз сөзінде көтерілген әр мәселенің жауапсыз қалмай, бақылауға алынатынын және сол мәселеге қатысты жауапты тұлғалар жұмыстанатынын айтты.

441415946_2203524196654893_7925472158093975138_n

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале