6.03.2024, 10:30
Оқылды: 54

Коуч-тренер Гүлнара Кабулова Шыңғырлауға келді

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай спикерлердің қатысуымен ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған облыстық семинар-тренинг өтті.

429813513_1824825104595916_5359656748882848709_n

Семинар «Қыздарға әсемдік жарасады» атты деп аталды.

0c712562-007a-4717-8021-ccdeb1a9d8c8

 Кеш қонақтарының басым бөлігі қыз балалар болды. Орал қаласынан келіп тренинг өткізген кәсіби психолог, коуч-тренер Гүлнара Кабулова қыз баланың тәрбиесі, әр түрлі ортада өзін-өзі ұстау әдебі жайында әңгімесін өрбітті. Өмірлік ұстанымдары енді қалыптасып келе жатқан жастар мен жасөспірімдерге әр түрлі үлкендік ақыл мен білікті маманның кеңестері рухани азық, мол тәлім болды.

Тренингте түрлі қызықты ойын ойнатылып, қатысушылар өзара пікірлер алмасып, кеш ашық, еркін форматта өткізілді.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале