7.10.2024, 22:00
Оқылды: 6

Көздіғарада "Qazaq radyosi" саңқылдады

Сырым ауданы Сарой ауылдық округі, Көздіғара ауылынан көңіл жылытатын жақсы хабар жетті. 

InShot_20241007_200835793

Ауылдың азаматы Серік Мүтиев ауылдың көшесіне радио аппаратын орнатыпты. Үнжария Еңбекші көшесіндегі мұғалімдер тұратын үйдің маңдайына ілінді.

- Көздіғара ауылында "Qazaq radyosi" сайрап тұр. Радио – жаңалық көзі, тәлім мен тәрбие құралы, руханият қызметкері. Енді "Qazaq radyosi" ауыл тірлігін қазақ әнімен тербеп тұрады, - дейді мектеп директоры Жақсыгелді Қайыров.

Серік Мүтиевтің бұл ауылына жасаған бірінші жақсылығы емес. Еңбегі мен кәсібін туған жерінің тағдырымен қосып өрген Серік мырза ауылдың бірқатар азаматына жұмыс орынын ұсынып отырғанын да айту керек.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале