6.08.2020, 9:39
Оқылды: 43

Көздіғарадан «Ел құдығы» қазылды

«Түгін тартса майы шығады» - дегендей, Көздіғараның қай жерін қазсаң да мөлдір әрі тұщы су шығады. Ауылда орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ. Халық суды әуелгідей құдықтан тартып ішеді. Жақында оралдық волонтерлар «Ел құдығы» жобасы аясында Сырым ауданындағы Көздіғара ауылынан 2 құдық қазып беріп, ауыл халқының сауабын алды.

0E26068F-9362-466B-AADB-1DB2F52B9205

Қайырымдылық шарасы дегенді біреуге тегін маска беру, біреуге тегін тамақ алып беру деп түсініп жүрміз. Бірақ оралдық жастар халыққа жәрдем берудің басқа жолын тауыпты. Олар «Birgemiz» жалпыұлттық қозғалысы аясында «Ел құдығы» жобасын іске асырып, ауыз суға мұқтаж елді мекендерге және табысы төмен, көпбалалы жанұялардың үйлеріне ауыз су нүктесін орнатып жүр екен. Осыған дейін Жаңақала ауданында - 3, Тасқала ауданы бойынша 3 мұқтаж отбасының үйіне су кіргізіп берсе, енді осы шараның шарапатына сырымдықтар да бөленіп жатыр.

Жобаны жүзеге асырып жүрген - Әсет Сұлтанұлы, Дулат Мақатов және Талғат Чудобаев деген үш жігіт. Талғат пен Дулат БҚО Қазақстан халық Ассамблеясында, бірі «Достық» клубында төраға, ал бірі «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысында жетекші болып қызмет етеді екен. Олар көтерген бастама қоғамнан қолдау тауып, жомарт жандар қаржылай көмек беріп, қолында техникасы бар кісілер құдық бұрғылауға жәрдемдесіп, былай айтқанда жақсылық жолында жарысып жатқан көрінеді.

Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Садақаның жақсысы шөліркеген кісіге су беру» деп айтыпты. «Ел құдығы» жобасы сол сөздің амалындай болып отыр.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале