9.08.2022, 20:00
Оқылды: 22

Көздіғараға 3 жанұя көшіп келді

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Сырым ауданындағы ауылдық округтерде әкімдердің тұрғындармен жүздесулері басталды.

oznor

Кеше аудан басшысы Төлеген Төреғалиев Сарой ауылдық округінің халқымен кездесті.
1 шілдедегі мәліметке сүйенсек, Сарой ауылдық округінде 5867 бас ірі, 10975 бас қой мен ешкі бар. Ал жылқы 4636- ға жеткен. Жылдың басымен салыстырғанда сиыр мен жылқы санында айтарлықтай өсім бар.
Округтегі 2 мектепте 142 оқушы білім алады. Негізгі мектептердегі білім алушылар санын сақтау – аудан билігінің жыл сайын жолығатын мәселесі. Биыл Көздіғара ауылына 3 отбасы көшіп келген. Нәтижесінде, ауыл мектебі 8 жаңа оқушымен толығып отыр. Жылдың басынан бері Сарой ауылдық округі әкімдігі тарапына ел мен жұрттан Шағырлой ауылына ауыз су құбырын тарту, электр бағаналарын ауыстыру секілді бірқатар ұсыныстар түскен.
Кейінгі кезде ауылға таза су өндіретін су ұңғымасының өнімі төмендеді. Сондықтан қосымша ұңғыма қажет. Әзірге су тасымал тәсілі арқылы жеткізілуде.

Округ әкімі Айбол Жакиевтің айтуынша, Шағырлой ауылын таза ауыз сумен қамту жобасы аумақтық даму жоспарына сәйкес 2023 жылға жоспарланған. Құны - 363 млн теңге. Алайда республикалық қазына бұл жобаны биыл қаржыландырамыз деп шешкен. Қазір мердігер анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Екінші мәселе бойынша, Қызылтаң мен Шағырлой арасындағы 8 электр бағаны ауыстырылды. Абай орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніндегі сұйық қалдықтарды (септикті) сору мәселесі де жеке техникаларды тарту арқылы атқарылды.
Шағырлой ауылынан модульді фелдьшерлік акушерлік пункт ғимаратын салу мәселесі өзінің кезегін күтіп тұр. Болашақ ғимараттың жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.
Жиналыстан кейін Төлеген Төреғалиев азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале