10.03.2024, 9:00
Оқылды: 59

Көздің жауын алар көрме

Жәнібек ауданындағы нәзік жандылар бір-бірінен өткен шебер һәм тың идеяларға құмар. Оның дәлелі – аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара алдындағы көздің жауын алар көрме.

FB_IMG_1709905553349

Аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, орынбасарлары Мирболат Бисенов пен Жақсылық Абдолов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, концертке келген көрермендер тамашалап, өте жоғары баға берді. Мектептен тыс жұмыстар орталығының қолөнер шеберлері Мөлдір Мәжитова, Айдана Нарынова, Әсемгүл Ахметова өз туындаларын көрсетті.

FB_IMG_1709905545855

Нағыз өнер иелерінің қадамына, шығармашылығына аудан басшысы Тимур Серікұлы сәттілік тіледі. Т. Жароков атындағы орта мектептен келген Жазира Сатыбалдиеваның дәмі тіл үйіретін шұжықтарынан да ауыз тидік. Таза еттен, яғни ешқандай қоспасыз өнімдерге тапсырыс алатын ол аудан жұртшылығына әлеуметтік желілер арқылы жақсы таныс.

М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің аспаз мамандығын оқып жатқан дарынды студенттері әзірлеген сүзбелі бәліштерінің өзі өте құнарлы екендігін аңғардық. Осындай арулардың ішінде аудандық «Жәнібек» спорт клубындағы каратэ спортының жаттықтырушысы Іңкәр Бақтыбаева да бар. Ол өзінің шәкірттерімен бірге аталған жауынгерлік өнердің ережесін түсіндіріп, әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жас жаттықтырушы мергендікке үйрететін «Ruh» садақ ату орталығын ашқан.

Ақтілек Әлібек,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале