1.07.2025, 23:00
Оқылды: 410

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бөкей ордасы ауданына келді

Бүгін Бөкей ордасы ауданына арнайы сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев келді. Жерлесімізді аудан әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисеновтар күтіп алды. Халық қалаулысының елге сапары облыстық маңызға ие «Чапаев-Жаңақала-Бисен» автожолының құрылыс қарқынымен танысудан бастады.

IMG_0161

Ашығын айталық, жол құрылысы қарқын алмақ түгілі жөнді қолға алынбаған.
Бас мердігер «Дорстрой» ЖШС қосалқы мердігерлерге тиісті қаржыны бермей, қара жолдың бойына қаңтарып қойған. Сөздің турасы осы. Жұмысшылар жалақы алмаған. Жауапты мердігердің өзі түгілі уәкілі де болмады. Нартай Аралбайұлы сонау Қостанайдан келген қосалқы мердігерлер мен айлық алмай, жүректері шайлығып қалған жұмысшылардың арызына құлақ түрді. Мәселені тиісті деңгейде көтеремін деп уәдесін де берді.
Сонымен бірге Нартай Сәрсенғалиев
Хан ордасы ауылына қатынайтын 21 шақырымды кірме жолдың құрылыс жұмыстарымен де танысты.
«Ақжолқұрылыс» ЖШС жоба жетекшісі Дүйсен Наурызғалиев жиырма біо шақырымның құрылысы үстіміздегі жылдың тамызында тәмам болатынын айтады. Оның айтуынша, қаржыда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тұрғысынан да еш кедергі жоқ.
Өз кезегінде Нартай Аралбайұлы қалың ел күтіп отырған жұмыстың сапалы жүзеге асырылуын талап етті.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале