Бүгін Бөкей ордасы ауданына келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова ауданымызға арнайы сапармен келді.

Депутаттар аудан әкімі Нұрлыбек Даумовпен бірге әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Таратып айтсақ, алдымен Хан ордасы ауылындағы «Нарын» спорт кешенінде болып, күні кеше ашылған кешен қызметімен танысты.

Спортты серік еткен ауыл жастарымен кездесті. Жастар өздерін толғандырған мәселелерді қозғап, сұрақтарын қойды. Өз кезегінде депутаттар жастар көтерген мәселелер бойынша жауап беріп, әрқашан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Сенаторлардың сапары Бисен ауылында жалғасты. Мұнда олар өткен жылы күрделі жөндеуден өткен ауылдық кітапхана мен заманауи үлгідегі мәдениет үйі және өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Сенаторлар ел игілігіне салынған нысандардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы