25.01.2021, 20:29
Оқылды: 45

Красновта оңды істер көп

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі Краснов ауылдық округінде де өтті. Күре жол бойындағы ауылда жұмыссыздық жоқ десе де болады. Тұрғындар негізінен округтегі шаруашылықтарда еңбек етеді. Өткен жылы красновтық шаруалар егіннен жақсы өнім алған. Сондай-ақ ірі қара басын асылдандыруға да көп көңіл бөлуде.

 FB_IMG_1611588043342

Сонымен қатар округ әкімі өз баяндамасында жергілікті шаруалар елге деген көмегін де аямайтынын жеткізді. Әрдайым ел қамын ойлайтын кәсіп иелері Тәуелсіздік мерекесіне орай екі ауылды да үлкен қуанышқа бөлеген. «Айдос» шаруа қожалығының басшысы Қазбек Гусманов округке қарасты Чапурин ауылына көгілдір отын өткізсе, «Асан Аул» ЖШС басшысы, «Құрмет» орденінің иегері, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Бейбіт Асанов Погодаев ауылына мәдени-спорттық кешен салып бергенін дүйім жұрт біледі. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде де шаруалар талай игі іс тындырған.

FB_IMG_1611588054662

Округ әкімінен соң аудан әкімі Марат Тоқжанов сөз алып, ауылда атқарылған істерге көңілі толатындығын жеткізді. Одан соң аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

- Биылғы жыл ешкімге оңай соқпады. Пандемия, төтенше жағдай, карантин біраз жұмысқа кедергі келтіргенін жасырмаймыз. Десе де егін егіп, мал ұстаған шаруалардың жұмысын жүргізуге қолдан келген көмегімізді көрсеттік. Соның арқасында егін бітік шықты. Мал саны артты. Алдағы уақытта қолға алған жаңа жобалар іске асырылатын болады, - деді М.Тоқжанов өз өзінде.

FB_IMG_1611588035216

Кездесу соңында округ әкімі ауылда ұстаз жетіспеушілігі байқалатындығын және Қасым Ахмиров мектебінде қазақ сыныптарының санын арттыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ Котельников ауылын ауыз суға қосу мәселесін шешуге де тырысатындығын жеткізді.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале