24.06.2021, 14:51
Оқылды: 34

КТК ойыншылары елге келді

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов КТК ойыншылары Самат Қабдиевті, Қасиет Кәрім және ҚазИИТУ-нің проректоры, бұрынғы ойыншы Закир Хамзинді қабылдады.

15B7D405-0CAC-4009-ABBB-9814FE5E696D

Кездесу барысында «Назар аудар» театрының актері Самат Қабдиев:

– Алысқа бармай, осы Батыс өңірін сараласақ, Маңғыстауда «Боранқұл», Атырауда «Сағыз» атты командалар шағын ауылдан шыққан жастар. Олар осы ойын арқылы өз әзіл-қалжыңдарымен елдік мәселені үлкен сахнада айтып, көп ұзамай бұл істер қолға алынып жатқандығын көзімізбен көріп жүрміз. Яғни, олар өздерін көпшілікке танытып қоймай, өз туған топырағының жоғын жоқтап, билік басындағы азаматтардың осы мәселелерге назар аударуына өзіндік септігін тигізіп келеді. Ондай ұтымды сөз, саналы қалжың айта алатын жастар әр ауылда бар деп ойлаймын. Сондықтан өңірді аралап, «Мен ауылдың баласымын» жобасы аясында әр ауданнан КТК ойынының командасына жасақтауды мақсат тұтып келдік, – деп сапарының мақсатымен түсіндірді.

Осы бастаманы көтерген Саматтың айтуынша, тапқырлығымен танылған командалар әзілдері алдымен өз аудандарында сүзгіден өтіп, Орал қаласының «Қала күніне» қарай өтетін ауданаралық жарыста қатысуларына толық мүмкіндік бар. Одан әрі КТК ойынының майталмандары Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың сайысына да жолдама алады.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале