27.07.2022, 12:45
Оқылды: 53

Қуанай хазіреттің асатаяғын музейге тапсырды

Алашорда үкі­ме­тінің Батыс бө­лім­­ше­сінің қай­рат­кері, Жа­һан­ша мен Халелдің рухани ұстазы Қуанай хазіреттің асатаяғы жымпитылық Мә­дина Хасанованың қолын­да екенін әріптесіміз Бауыржан Ширмединұлы бұрын жазған болатын.

3

«Мәдина апамыздың анасы Айман Көбенғалиқызы Дат­тың Адам­байынан тараған. Өзі сөз ұстаған, шежіре кісі болып­ты. Айман шешейдің әкесі Көбен­ғалидің Кенжеғали деген інісі болған екен. Сол Кенжеғалидан туған Ғабделқұдес бес парызын түгендеп, Құран ашып, ша­риғат жолымен жүріпті. Ол кейін Жымпитыға Құдыс молда ретінде белгілі болған. Құдыс молда өмі­рінде Қуанаймен бірнеше рет кездескен. Онымен жүздесу үшін түр­меге де кірген. Қуанай да оны шә­кірт деп жақын тартқанға ұқ­сай­ды. Тоқетері, сондай кез­де­су­лердің бірінде Қуанай хазі­рет Құ­дыс молдаға асатаяғын аманат­таған», - деп жазды журналист.

2

Асатаяқ бірнеше жыл Даттардың қолында көздің қарашығындай сақталып келді. Тарихи жәдігерді Мәдина Хасанова Қосарал ауылында ұйымдастырылған Даттар құрылтайында Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваға табыс етті.

1

Қуанай хазіреттің асатаяғы  Алаш музейіне Жаһанша макетінің жанынан орналастырылды. Айнагүл Мағауияқызының айтуынша, бүгінде асатаяқты сақтаған адамдар туралы, таяқтың тарихы, нөмірі, акті, инвентар кітабына тіркеу секілді құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале