Теректі ауданы мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев пен ерікті Ұлжан Мұханбетиярова «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қуантты.
Айта кетейік, аталмыш акцияға демеушілік көрсеткен – «Жария садақа» тобының ұйымдастырушысы Дулат Садыр.
Олар ауданымыздағы көпбалалы, жалғызбасты және ата-анасынан айрылып, қорғаушысының қолында тәрбиеленіп отырған 16 балаға оқу-құралдары табыс етті.
Сонымен қатар, 3 оқушыны толығымен мектепке даярлап, киім-кешекпен қамтыды. Сондай-ақ азық-түлік те үлестірілді.
- Балаларды мектепке даярлап, жүздеріне қуаныш сыйлауға атсалысқан барша қайырымды жандарға Алла разы болып, сауаптан жазсын! - деген ауыл имамы ризашылығын білдірді.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz