Бүгін Орал қаласындағы «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында шаруашылық иелеріне субсидиялаудың жаңа ережелерін түсіндіру және тікелей өтінім беру жолдары бағытында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізілді.
Брифингте алдымен «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бақытбек Айтпаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ерақаев жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде жиналғандарға жан-жақты түсінік берді.
Брифингте тауар өндірушілерді тарту, олардың қызығушылығын ояту, түрлі жеңілдіктерді пайдалану мәселелері де сөз болды.
Айта кету керек, «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізі 1992 жылы қаланған. Серіктестік салқындатылған ет өндірумен айналысатын Қазақстандағы ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі. Мұнда о бастағы жұмыстар бұқтырылған сиыр етін өңдеуден басталған. Бүгінде кәсіпорын өндірісі кеңейіп, 100-ден аса өнім шығаруды қолға алған. Ал жұмысшылар 500-ден асады.
Бауыржан Махудұлы,
zhaikpress.kz