31.05.2023, 18:15
Оқылды: 55

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Сырым ауданындағы “Алаш” саябағында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдында құран оқылды.

IMG_8537

- Зұлмат жылдары толағай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында 1997 жылдың 31 мамыры қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген еді. Бұл күн еліміз үшін айрықша маңызға ие, - деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.
Қуғын сүргінге ұшыраған Алаш арысы Әлмұхамбет Оспановтың ұрпағы Наурызғали Оспанов сөз сөйлеп, аталған күнде арыстарын ұмытпай, құран бағыштаған аудан тұрғындарына алғыс білдірді.

IMG_8535

Алаш саябағына жиналған мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарының назарына Жымпиты халық театрының “CHANEL 5” қойылымынан үзінді сахналанды.

IMG_8540

Салтанатты жиын қуғын-сүргін құрбандары мен Алаш арыстарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен қорытындыланды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале