31.05.2023, 17:52
Оқылды: 22

Қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран бағыштады

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. ХХ-ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз жандардың қаны мен көз жасына жуылған тәуменді тарихтың шерлі беттерінің бірі.

IMG-20230531-WA0014

Бүгінгі ұрпақтың борышы – осы жылдары жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімін ұмытпау һәм оларды мәңгі есте сақтау. Осы орайда, атаулы күннің қадірін арттырған рухани еске алу шарасы Теректідегі «Достық» үйінің саябағында өрбіді.

IMG-20230531-WA0012

Әуелі аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов, ауданның құрметті азаматтары Сәлім Қоқашев, Василий Савченко, Ғұсман Қатабаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Мақсотұлы және бөлім басшылары, оқушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары монументінің іргесіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.

IMG-20230531-WA0011

Одан әрі Теректі аудандық мешітінің ұстазы Амантай Бақтығали құран аяттарын бағыштап, дұға жасады. Мұнан кейін оқушылар өлең  оқып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

IMG-20230531-WA0003

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале