20.09.2021, 19:56
Оқылды: 51

Күй анасы дәріптелді

Zoom бейнебайланыс платформасы арқылы білім жетілдіру институтының аға оқытушысы Сайра Сексенбаеваның ұйымдастыруымен вебинар өтті. Іс-шара «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды.

7

Вебинардың мақсаты – Д.Нұрпейісованың 160 жыл толуына орай күйшінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, күйлерін әртүрлі орындау нұсқасында тәжірибеге енгізу.

«Ғасыр адамы, күй анасы Дина Нұрпейісоваға 160 жыл» атты вебинар облыс көлеміндегі балалар саз және өнер мектептері және музыка пәні мұғалімдері педагогтеріне арналды.

- Дәстүрге айналған білім жетілдіру курстары, семинар қазіргі таңдағы вебинар, дөңгелек үстел, небір атаулы конференциялар арқылы әр педагог өздерін оқу-әдістемелік жағынан жетілдіріп отырады. Осы орайда облысымыздағы музыка және өнер мектептері мен музыка пәні мұғалімдері музыкалық білім беруде үлкен үлес қосуда. Қазіргі таңда облысымыз бойынша өте нәтижелі жұмыс жасап жатқан музыкалық мектептерінің саны артып келе жатқанына қуаныштымыз. Осы мектептердің арқасында облысымыз республика бойынша, музыкалық білім беру рейтингісінде алдыңғы қатарда.

8

Вебинарға ЖОББМ педагогтері де қатысып отыр. Себебі 5-сынып 6 сабақ, 6-сынып 4 сабақта күй өнері тақырыптарына арналған. Оның үстіне осы жылдан қолға алынып жатқан 6-сыныптағы «Домбыра» сабағы тағы бар. Бұл тапсырмаларды орындап, сабақ жоспарын меңгерту амалдарын бүгінгі ұйымдасытырып отырған вебинар өз септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді Сайра Кирқызы.

Онлайн бағытта өтіп жатқан іс-шарада Д.Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейінің меңгерушісі Сымбат Рысқалива аталмыш музейге саяхат жасап, ішін толықтай таныстырды. Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің директоры Нұралы Ихсанов атқарылған іс-шараларға тоқталса, аталмыш мектептің оқытушылары шеберлік сыныппен жалғастырды.

Атап айтсақ, домбыра сыныбының жоғары санатты оқытушысы Амангүл Сисенқызы «Д.Нұрпейісова күйлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөліп үйрету», домбыра сыныбының оқытушысы, педагог-сарапшы Дархан Қаберов Д.Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйінің түрлі нұсқаларын талдап, көрсетті. Домбыра сыныбының оқытушысы, педагог-сарапшы Ханзада Бисенғалиева «Д.Нұрпейісованың күйлерін жоғары сынып оқушыларымен талдау», домбыра сыныбының оқытушысы, педагог-зерттеуші Гүлбар Шуақбаева «Д.Нұрпейісованың күйлеріндегі энгормонзм» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.

Одан соң Д.Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын бірнеше жылдан бері өзінің проблемалық тақырыбына айналдырған оқытушы Г.Тұрланқызы қатысушылармен кері байланыс жасап, жиынды қорытындылады.

 

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале