Бүгін Күйгенкөл ауылдық округінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункті ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, «Мансап орталығы» мекемесінің директоры Миранбек Ибатов, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Асылбек Қамашев, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова, Күйгенкөл ауылының атынан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Мөлдір Әбдірешова және ауыл тұрғындары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында шалғай және шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарына жағдай жасалуы керегін айтып, денсаулық саласына айрықша мән беріп келеді.Жағдай жасаудың маңызды сатыларының бірі әрі бірегейі ауылдағы ағайын денінің сау болғаны. Күні кеше Талов ауылында ашылған дәрігерлік амбулаториясының қатары бүгін Күйгенкөлде толығып, ауыл тұрғындары бір жасап қалды. Соның құрметіне Әсем Ғайнуллина "Күйгенкөлім" әнін шырқады. Аудан әкімі Тимур Серікұлы күйгенкөлдіктерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Э
Лента қию рәсімі аудан басшысы мен ардагер ұстаз Жаңылсын Темешоваға беріліп, су жаңа ем алатын орталықтың ішін көрді. Жарқырап тұрған арнайы бөлмелерді аудандық аурухана директоры Сәуле Исмағұлова мен фельдшер Абылай Ғарифуллин таныстырды.
Әлібек Қаржау
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz