29.07.2025, 15:00
Оқылды: 415

Күйгенкөлдегі құрылыс жұмыстары қарқынды

Биыл Жәнібек ауданында құрылыс жұмыстары жақсы жүргізіліп келеді. Тұрғын үйлер, мәдени-спорттық нысандар, кітапханалардың құрылысы қарқынды. Әр құрылыс нысанның мердігері әртүрлі. Қаржы бар жерде, түрлі жағдайлар орын алып жатады. Бірі ары мен беделі үшін жақсы жұмыс жасаса, енді бірі, шыны керек, қалай болса, солай жүргізіп, елдің ренішіне қалып жатады. Ауданда жүргізіліп жатқан барлық құрылыс нысандарын аудан әкімі Тимур Шиниязов үнемі бақылауда ұстап, құрылыс аяқталғанша, қадағалап жүреді.

image-29-07-25-01-20-3

​Бүгін аудан басшысы Тимур Серікұлы мен оның орынбасары Мирболат Бисенов Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылына барып, құрылыс нысандарын аралап, мердігерлермен кездесті.

image-29-07-25-01-20-5

Қазіргі таңда аталған ауылда екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Пәтерлердің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «СтройКомМонтаж» ЖШС басшысы Сәбит Айжарықовтың айтуынша, негізгі жұмыс аяқталып, әрлеу жұмыстары басталды.

image-29-07-25-01-20

Яғни түсқағаз жапсыру, бояу-сырлау, еденге линолеум төсеп, жылыту тұрбаларын өткізу секілді жұмыстар қалды. Аталған жұмыстар тамыз айының аяғына дейін аяқталуы керек. Айта кету керек, тұрғын үйлер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 жылдан 2029 жылға дейінгі» тұжырымдамасына сай жүргізілуде. Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесі шешіліп, жағдайлары жақсаратын болады.

image-29-07-25-01-20-1

​Сонымен қатар аудан басшысы жуырда басталған кітапхана құрылысының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын Күйгенкөл ауылының тұрғыны Абзал Мұратқалиев өз қаражатына жүргізіп жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін аудан басшылығы кітапхана ғимаратын сатып алып, пайдалануға беретін болады.

image-29-07-25-01-20-2

Тимур Серікұлы мердігерге аз-маз ескертпелер айтып, жұмысты абыроймен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар ол Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Сержан Қошановқа қос қүрылыс бойынша ұсыныстар айтып, басы-қасында жүруді тапсырды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале