16.07.2024, 17:45
Оқылды: 250

«Құқығыңды білмеу құрдымға батырады» – маман

Бүгінгі дамыған заманның аяқ алысы басқаша. Бұрын бабаларымыз уәде құдай сөзі деп берген серттен таймайтын. Сөзінің салмағы, ісінің ірілігі болатын. Қазіргі кезде сәл босаңсып қалсаңыз, қалпақтай ұшырып, алдап түсіруге дайын тұратындар көп. Мамандар алаяқтықтың белең алуының басты себебі – адамдардың өзінің құқығын білмеуі, құжаттарға немқұрайлы қарауы және шектен тыс сенгіштігі дейді.

C4A89CC6-3818-44A0-8E12-0E1D30FA60D8

Еліміз бойынша ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасы мен қолдауының арқасында жүреге асып отырған маңызды жобалардың бірі «Саламатты Қазақстан» пойызы Бөрлі ауданына келіп, екі күн аялдаған болатын.

Жылжымалы құрам бригадасының негізгі мақсаты – шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиациялық көмек көрсету және тексеру еді. Пойыз құрамында құжат пен құқық мәселесі туралы сұрақтарға жауап беретін заңгер маман да қызмет көрсетті. Аудан халқына белгілі заңгер, медиатор, СҚО «Заңгер» палатасының практик-заңгері Айшат Уәлиоллақызы қабылдау жүргізді. Біз өз тарапымыздан бүгінгі күні күйіп тұрған мәселелерді алға тартып, заңгер маманмен бір-екі ауыз тілдесіп көрдік.

– Біздің осы жоба аясында халықты түрлі сауалдарымен қабылдап жатырмыз. Көбіне кеңес беріп қоймай, қабылдау барысында барынша талап-арыздарын, өтініштерін, шағымдарын жазып, егер қолында электронды цифрлық қолтаңбасы болса, қажетті жұмыстарын атқарып береміз. Оның ішінде несиені графикке қою, банкорттыққа өтініш беру тағы да басқа өтініштерді орындадық. Көбіне тұрғындар тергушілердің істі дұрыс ашпайтындығына, сот орындаушылардың жұмысына наразылық білдіріп жатады. Сондай істерді мейлінше ашық айып, заңның үстемдік құуына ықпал етуге тырысамыз, - дейді А.Уәлиоллақызы.

«Саламатты Қазақстан» пойызы ауданымызда екі күн бойы қызмет жасады. Дегенмен заңгердің келетіні туралы жарнама аз болған сыйлы. Әйтпесе қаржылық мәселемен алысып, құқықтық сауаттың болмауы салдарынан ұрынып жүргендер аз емес екені белгілі.

F093EA3D-5CC0-4464-BFB3-64869229B452

Заңгер маман екі күннің ішінде ауданымызда 20-да астам адамды қабылдаған. Олардың басында түрлі мәселелер кездескен. Ақсай қаласындағы тұрғындардың негізгі дені еңбек шартының дұрыс орындалмауы, мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақының дұрыс тағайындалмауы, үй кезегіне тіркелу, әкелікті растау, әлеумет өндіру, мұрагерлікті растау, отбасылық мәселер бойынша сауалдар болған. Мысалы Ақсайда бір тұрғын нотариустың салғыртығының кесірінен мұрагерліктің уақыты өтіп кеткеніне шағымданған. Заңгер маманның көмегімен қателікті қалпына келтіру үшін сотқа шағым берілген. Тағы бір азамат жұмыс барысында еңбек шарытының бұзылғандығын айтқан. 55 жасқа толған жұмысшыларға берілетін өтемақыны алмаған. Оны талап етіп барған кезде жұмыстан шығарылған. Заңгер маманмен бірлесе отырып, заңдық тұрғыдан әрекет жасағанның арқасында шағымданушы азамат қайта жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар өтемақысы да төленетін болыпты.

– Бүгінгі күні тұрғындар арасында заңгерлік кеңесті қажет ететін адамдар баршылық екені рас. Мысалы жыл басынан бері Президент Жарлығы бойынша 55 жастан асқан ауыр жұмыста жасайтын мамандар үшін берілетін өтемақыны рәсімдеудің жодарын кейбір мекеме қызметкерлері дұрыс білмейді. Соның салдарынан жұмысшылар тиесілі қаржысынан қағылып жатады. Бұл сұрақ бойынша да шағымдар келіп түсті. Ақсай қаласында осы төлемақыны талап еткен бір азаматты жұмыстан шығарып жіберген. Өтініші негізінде заң аясында әрекет жасап, ол азамат жұмысына қайта орналасты. Өтемақысын да алатын болды. Өз құқығын толық білмеу салдарынан мұндай оқиғалар көптеп орын алып жатыр. Көбіне біздер ұят боладыға салып, үндемей жатамыз. Онымыз әсте дұрыс емес. Сонымен бірге зейнет жасына келіп, құжат жинау барысында қиындыққа ұшырайтындардың қарасы қалың. Зейнетке шығар кезде адамның туу туралы куәлігі сұратылады. Кейбіреулер Ресейде басқа да елдерде дүниеге келгендіктен зейнетке шыға алмай қалмаймын ба деген сауалды көп қойып жатады. Және де бүгінгі күннің басты мәселесі – алаяқтық. Әдетте үлкен кісілер аляқтардың арбауына түсіп қалып жатады. Өңірлерде мұрагерлік мәселелер бойынша да сауалдар көп қойылды. Алимент төлеп отырып, бала-шағасын, немересін көре алмай жүрген жандар да құқықтың көмекке жүгінді. Сонымен қоса қарыз мәселесі де өте өзекті сауалдардың бірі. Туысқандарына қарыз беру, досына немесе танысына кредит әперуіп кейін қайтара алмау, төлемеу секілді проблемалар жиі кездеседі. Осындай кезде адамдар ешқандай құжат рәсімдемейді, қолхат алмайды. Тек сөзбен келісе салады. Ол артынан үлкен кейкілжіңге әкеліп соғып жатады. Сондықтан қазіргі кезде қарыз беру, кредит рәсімдеу секілді дүниелерге аса сақтықпен қараған жөн, - дейді заңгер.

Айшат Уәлиоллқызы бүгінгі нарық заманында құжатқа аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Заңгер ақшаға, үйге қатысты басқа да маңызды шешім қабылдар кезде мұқият болу қажеттігін алға тартады.  Әсіресе қазіргі алаяқтық дендеп тұрған уақытта кімге болсын қатты сенімділік танытуға болмайтынын айтады. Қарызға ақша беру, қарызға зат беру барысында қолхат жазып, барлығын құқықтық жағынан сауатты жасауға кеңес береді. Өйткені көзсіз сенімділік жарға жығатынын ескеру қажет дейді. Мысалы осы жұмыс барысында БҚО Бәйтерек ауданы Переметное ауылының азаматшасы өзінің ауылдас көршісіне 2021 жылы қарызға зат сатқан. Сол тауардың  ақшасын әлі күн бермей келгенін айтып, не  қолхаты жоқ, не борышкердің ЖСН мен фамилиясын білмейтін танысынан қарыз соммасын алып беруін сұрап «Саламатты Қазақстан» медициналық поездының заңгерлерінің көмегіне жүгінген. Заңгер А.Уәлиоллақызы борышкермен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, берешек  берілмеген жағдайда құқықтық жауапкершіліктің салдарын түсіндіріп, талапкерге «сотқа дейінге талап арызын» жазып беріп, қарызды өз еркімен тезарада төлеу қажеттілігін түсіндірді. Нәтижесінде, азаматша арызданушыға 2021 жылдан бері ала алмай келген 118 500 теңге қарыз соммасын осы аптаның соңына дейін төлеймін деп қолхат жазып беріп, артынша 1 сағат ішінде тиісті сомманы арызданушының шотына аударған. Деркөл аудынының зейнеткер тұрғыны алаяқтарға алданып, 14 млн. теңге қарызға батқан. Заңгер маманның араласуымен бұл мәселе де оң шешімін тауып, зейнеткер ақшасын өндіріп алған. А.Уәлиоллақызы қоғамдағы мұндай мәселелердің негізгі мәні адамдардың тым сенгіштігінен, құқықтың жағынан сауаты төмендігінен екенін айтады.

– Адамдардың қаржы және құжатқа келген кезде ең үлкен қателігі – сенімі, яғни жоқ деп айта алмауы. Мысалы құжатыңды суретке түсіріп жіберші дегенде көпшілігіміз неге деген сұрақты қоймаймыз. Не үшін қажет, не мақсатта, жоқ жібере алмаймын деп айтуды меңгеру қажет. Және де біреуге қарызға ақша берер кезде қашан қайтарасың, қолхат жазып берші деп талап қоюды да үйренген абзал. Мысалы дүкенен қарыз алып, оған кепілге төлқұжатын тастап кетеді. Бұл үлкен қателік. Өйткені қандай жағдай болмасын жеке құжатыныңызды себепсізден-себепсіз ешкімге тапсыруға, беруге болмайды. Себебі төлқұжат арқылы біріншіден сіздің атыңызға несие рәсімдеуі мүмкін, екіншіден жеке деректеріңіз тарап кету қауіпі бар. Сондықтан мұндай жағдайға бейжай қарауға балмайды. Шектен тыс сенімділік сізді үлкен мәселеге апаруы, артық проблемаға жеткізуі мүмкін. Барынша құқықтық жағынан сауатты болуға, біліміңізді жетілдіруге жұмыс жасау қажет. Құқығыңды білмеу құрдымға батыратынын естен шығармаған жөн,-дейді заңгер Айшат Уәлиолла.

Тілші түйіні

Заңгер маман бүгінгі аласыпыран уақытта құжатыңызға мұқият болып, құқығыңызды дұрыс қорғай білмесеңіз қаржылық жағынан да, құқықтық жағынан да ұтылып, жем болатыныңызды алға тартады. Әлгі ертегідегі қарғаны мақтап, ауызындағы ірімшігін ала қашатын түлкінің заманы қазір жүріп жатыр. Сақ болып қадам жасамасыңыз алаяқтар бір жағынан, танысың бір жағынан түтіп жеп қоюы ықтимал.

Сондықтан заңгер маман айтқандай қандай шешім шығарған кезде де құжатқа мұқият қарап, соқыр сенімнен бойды аулақ ұстау қажет-ақ. Бұрынғылар заманың түлкі болса, тазы болып шал дейтін. Еншеде тазыдай алғыр болу үшін, құқықтық жағынан сауаттырақ болуға тырысу керек...

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале